Елордада коттедж өртеніп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 2 қабатты коттедж отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының Темірқазық көшесі бойындағы 2 қабатты коттедж пен оған жапсарлас уақытша салынған құрылыс нысанының өртеніп жатқаны туралы ақпарат «101» пультіне сағат 11-40-та түскен.

«Сағат 11-47-де өрт орнына Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен техникасы жетті. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт аумағы 100 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіруге 19 маман мен 4 техника жұмылдырылған», - деді Талғат Уәли.



Соңғы жаңалықтар