Елордада күніне 6 мыңға жуық вакцина дозасын қолданылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов «Нұр-Сұлтан қаласы коронавирусқа қарсы вакцина егу жоспарында кешігіп жатыр ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жаппай вакциналауды 10 сәуірден бастадық. 9 сәуірде вакцинаның жеткілікті көлемі келді. Қазіргі уақытта күніне 6 мыңға жуық вакцина дозасын қолданамыз. Бұл – біздің қала үшін қалыпты көрсеткіш. Әрине, басқа аймақтармен салыстырғанда бұл көрсеткіш көп немесе аз болуы мүмкін, бірақ біз жоспарды орындауға тырысамыз. Вакциналау жоспары вакциналардың жеткізілуіне қарай жасалды. Сондықтан біз оны орындауға тырысамыз», - деп жауап берді спикер елорда әкімдігінде өткен брифингіде тілші сұрағына.

Айта кетейік, елордада эпидемиологиялық жағдай әлі де құбылмалы, қалада күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі. Х алық көп жиналатын орындарда тұрғындарға вакцина салу пункттері ашылады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова үндеу жасап, халықты карантин шараларын сақтауға және індетке қарсы вакцина алуға шақырған еді.



Соңғы жаңалықтар