Елордада күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйел қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денесінің 75 пайызын күйік шалған пациент 2019 жылдың 10 қарашасында сағат 1-35-те қаза тапты», - деді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, осыдан бір ай бұрын елордалық азамат отбасылық жанжал кезінде әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еді.

«6 қазан күні сағат шамамен 11.40-та полицияға автобус аялдамасында денесін күйік шалған әйелдің отырғаны туралы ақпарат түсті. Әйел тез арада ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдікті ретінде оның 43 жастағы күйеуін ұстады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты дәрігерлері әйелдің аман қалуы екіталай екенін хабарлаған еді. Дегенмен осыдан 4-5 күн бұрын ғана Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты науқастың есін жинап, жақсару динамикасы байқалатынын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар