+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Елордада Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды

2021 жылғы 3 наурыз 14:12
Бөлісіңіз:
Елордада Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы «Жас маман» жобасы аясында Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі жанындағы құзыреттілік орталығының жұмысын таныстырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Астаналық тұрғын танысының банк картасынан 2 млн теңге ұрлап кетті Қазақстандық оқушы әлемнің 4 үздік оқу орнынан шақырту алды Қазақстан ғалымдарының әрбір 5-ші жарияланымы әлемнің үздік ғылыми журналдарында жарық көреді

Жиын барысында колледж түлектерінің қатысуымен молекулярлық асүйдің гастрономиялық жиынтығы бойынша аспаздық студия алаңы, кейтеринг (catering) практикалық модулі - мейрамхана сервисі бойынша маркетингтің нарықтық сегменті және бар ісі бойынша «арт-кофені заманауи ұсыну» шеберлік-сыныптары таныстырылды.

Бұл алаңдар 2020 жылы басталған «Жас маман» жобасы аясында заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған.

Айта кетейік, «Жас маман» бағдарламасы «100/200» қағидаты бойынша жұмыспен қамту саласын, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған. Басқаша айтқанда, мамандарды даярлау 200 жаңғыртылған оқу орындарының базасында 100 неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Республикалық жоба аясында 2020 жылы 3 астаналық колледж («ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі, Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Кәсіптік-техникалық колледж) жаңғыртылды, 5 шеберхана және 5 орта арнайы оқу орындарының зертханалары жаңғыртылды. Биыл 5 колледжді (Құрылыс-техникалық, Техникалық, Технологиялық, Сервис және туризм, Көлік және коммуникациялар жоғары колледжі) заманауи жабдықтармен жарақтандыру жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT