Елордада қысқы ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қарашадан бастап әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері елорда мен еліміздің өңірлерінен келген тауарөндірушілер қатысатын қысқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңке әрбір сенбі және жексенбі күндері «Зейд» сауда үйі эко-базары алаңында (Ш.Уәлиханов және Ағыбай батыр көшелерінің қиылысында) және «Аспан базар» сауда үйінде (Қошқарбаев көшесі 37, М.Жұмабаев көшесінің қиылысы) өткізіледі.

Жәрмеңкеде жеміс-көкөніс өнімдері, сиыр еті мен жылқы еті, құс еті, сүт және балық өнімдері республиканың өңірлеріндегі тауар өндірушілердің бағалары бойынша сатылады. Қосымша ақпаратты 556978, 556899 телефон арқылы алуға болады.

Соңғы жаңалықтар