Елордада МӘМС аясында 100-ден астам медицина мекемесі қызмет көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша қызмет көрсететін 107 медицина мекемесімен келісімшарт жасалды.

Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«МӘМС жүйесінде төлем жасаған әрбір азамат қажетіне қарай ем ала алады. Сондай-ақ, пациенттер үшін құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер де тегін ұсынылады. Қазіргі уақытта медициналық қызмет екі бағыт бойынша көрсетіледі. Ол алдымен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі.

Директордың айтуынша, елордада медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру шаралары жалғасады.

«Биыл Медициналық сақтандыру қоры арқылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 медициналық ұйыммен келісімшарт жасалды. Астаналықтарға МӘМС аясында медициналық қызмет көрсететін бұл мекемелердің 32-і – мемлекеттік, 67-сі – жекеменшік, 8-і республикалық медицина ұйымы. Оның ішінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым – 36, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар – 29, стационарды алмастыратын көмек көрсетушілер – 78 және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуші – 12 медициналық мекеме бар», - дейді ол.

Одан бөлек, филиал басшысы пациенттің медициналық сақтандыруы болмағанның өзінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы медициналық қызметтерді тегін алу мүмкіндігі барын айтты.


Соңғы жаңалықтар