+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Елордада Марат Оспановқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті

2020 жылғы 14 ақпан 12:51
Бөлісіңіз:
Елордада Марат Оспановқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Елбасының сенімді серігі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің алғашқы Төрағасы, 20 жыл бұрын дүниеден өткен Марат Оспановқа арналған конференция аясында «Отанға адал қызмет ету» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі паалатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде аграрлық ғылымды қаржыландыру тәртібін өзгерту ұсынылды АӨК саласында мониторинг, талдау және болжау орталығы құрылады Ақылбек Күрішбаев: Аграрлық салада ғалымдар азайып бара жатыр

Іс-шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері және Марат Оспановтың отбасы, туған-туыстары және жақындары қатысты.

«Марат Оспанов туралы естеліктер біздің Қазақстанымыздың егеменді ел атанған тарихи кезеңімен қатар жүреді. Себебі Марат Тұрдыбекұлы Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімді серігі бола жүріп, тәуелсіздікке жету, оны қалыптастыру және дамыту жолында аянбай еңбек етті», - деді конференцияны ашқан Мәжіліс Төрағасы.

Марат Оспановтың мол білімін, ерекше қабілетін, батыл мінезі мен үлкен саясат жолында еңбек етіп, отандық парламентаризмді дамытуға зор үлес қосқанын алға тартқан Нұрлан Нығматулин оның еңбек жолы ұрпаққа үлгі болатынын айтты.

Марат Оспанов басқарған жылдары Парламент жан-жақты және табысты еңбек етті. Парламент 400-ден астам заң қабылдады. Сол уақытта қабылданған барлық заңдарда, соның ішінде, экономикалық құжаттарда Марат Тұрдыбекұлының қосқан үлесі зор және ерекше. Ол тек заң шығару қызметімен айналысып қана қоймай, мәдениет, спорт саласын нығайтуға да белсене араласты. Марат Оспанов – бүкіл өмірін егемен еліміздің дамуына арнаған білікті саясаткер, іскер басшы, қайраткер тұлға, деді Палата Спикері.

М. Оспановпен бірге жұмыс істеген әріптестері мен достарының естеліктері, Мәжілісте ұйымдастырылған фотокөрме аясында өмірінің жарқын сәттерін бейнелейтін көптеген фотосуреттер оның жоғары адамгершілік және кәсіби қасиеттерін еске салды.

Марат Тұрдыбекұлы Оспанов (17.09.1949 – 23.01.2000) – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алғашқы Төрағасы.

Төрт шақырылым депутаты: Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің ХII-ХIII шақырылымы және I және II шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, Тәуелсіз Қазақстанның Декларациясын әзірлеуге атсалысқан.

2-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Әдебиет, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT