Елордада мас күйінде көлік басқарған 35 жүргізуші анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық тәртіп сақшылар екі күнде көлікті мас күйінде айдаған 35 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 2 күннің ішінде 900-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады. 35 жүргізуші көлікті мас күйде жүргізген. 60-тан астам жүргізуші қауіпсіздік белгісін тақпаған. 300-ге жуығы жаяу жүргiншi жол жүрісі қағидаларын бұзған. 170-тен астам адам жол белгiсін немесе жолдың жүру бөлiгiндегі таңбаларда көрсетiлген талапты сақтамаған», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 10 ай ішінде тәртіп сақшылары қалада көлікті мас күйде жүргізгені үшін 800-ге жуық жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Еске сала кетсек, жүргізушінің көлікті алкоголь, есірткі пайдаланып мас күйде басқаруы, немесе көлігін мас адамның басқаруына бергені үшін көлікті басқару құқығынан үш жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге айырылады.

Соңғы жаңалықтар