Елордада масамен күресте жусан пайдаланылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов елордада масамен күреске бағытталған қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Facebook-тегі Астананың адалдық алаңы парақшасында өткен онлайн брифинг барысында «Үркер» шағын ауданының тұрғындары масаның көптігіне шағымданған болатын.

«Бұл өзекті мәселе екендігін бәріміз түсінеміз. Ол жер батпақты болып келеді. Қазіргі уақытта масаны улау орталықтандырылған, бір әкімші айналысып жатыр. Бүгінде масаны улаудың екінші кезеңі жүргізілу үстінде. Осыдан үш күн бұрын ғана олар Қорғалжын тас жолы жақтан масаны улауды бастады», - деді Есіл ауданының әкімі.

Оның атап өтуінше, масамен күреске бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.

«Кеше желді ауа райы кезінде 1 масаның 30 шақырымға дейін ұшып бара алатындығын оқыған едім. Жалпы, тек улау жұмыстарын ғана жүргізе бермей бұл мәселені жүйелі түрде шешу қажет. Кей жерде өсімдіктердің қасиетіне де ден қойған дұрыс болар. Масаны қуатын өсімдіктің түрі көп. Мәселен, олардың бірі - жусан. Бірақ, кейбір тұрғындардың бұл өсімдікке аллергиясы бар. Дегенмен, бұл өсімдік масаны қууда жақсы құрал болар еді», - деді Берік Жәкенов.


Соңғы жаңалықтар