Елордада мектепке автобуспен қатынайтын екінші сынып оқушысы адасып кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана LRT компаниясы мектепке автобуспен қатынайтын оқушылардың ата-аналарына баласына барлық қажетті ақпаратты үйрету керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның мәліметінше, 18 қыркүйекте кешке қалада екінші сынып оқушысы адасып кеткен. Өйткені бала шатасып, басқа автобусқа отырған.

«Жүргізуші оны байқап, көлік бақылау департаментінің (КБД) инспекторына хабарлады. Бала нақты мекен-жайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін білмеген. КБД қызметкері полицияның тірек пунктіне жүгінді. «102» пультіне оның ата-анасы хабарласқан екен, жедел-тергеу тобын күте отырып, біздің қызметкер баланы анасына тапсырды», делінген хабарламада.

Компания өкілдері, ата-аналар осы мәселеге баса назар аударып, бала барлық қажетті ақпаратты білгені жөн екендігін жеткізді.

«Егер балаңыз мектепке қоғамдық көлікпен барса, онда ол ата-анасының аты-жөнін, олардың байланыс нөмірлерін, үй мекен-жайын, аялдаманың атауын және өз бағдарының нөмірін жатқа білгені маңызды», делінген компания таратқан хабарламада.



Соңғы жаңалықтар