+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Елордада «мейрімді қоғам құру» идеясы талқыланды

2021 жылғы 5 ақпан 23:23
Бөлісіңіз:
Елордада «мейрімді қоғам құру» идеясы талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлының «Мейрімді қоғам, мемлекеттің қажеттілігі және пайдасы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері автордың «мейрімді қоғам құру» идеясын талқылады. Жазушы бұл кітабында қазақ қоғамын мейірімді қоғамға айналдырудың және ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласын әлемнің ең мейірімді қаласына айналдырудың тұжырымдамаларын жасағанын айтады.

«Қазақ халқының өне бойы түгел мейірім мен қайырымға толы асыл қазына, қанында, менталитетінде мейірімнің күші, құдыреті, құндылығы сақталған халық. Сөйтіп, құлдық жүйенің қалыптастырған қатыгездігінен айығып, мейірімділік қатынас арқылы алға дамуыдың жаңа жолын өзіміз ашамыз. Сол үшін қазақтың менталитетіндегі мейірімділік қасиетін, құндылығын, қайырымдылығын атадан жалғасқан жақсы салт-дәстүрін Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясы аясында жалғастырып, азаматтық қоғамның есігін ашуымыз керек. Мұның бәрін «Мейірімді қоғам, мемлекеттің қажеттілігі, оның пайдасы» атты еңбегімде барынша дәлелдеуге тырыстым», - дейді Үзбен Құрманбайұлы.

Ал, мемлекет қайраткері Ғарифолла Есім бұл идея тек қазақ халқының ғана емес, тығырыққа тірелген әлем халықтарының алдын ашатын жол екенінін алға тартады.

«Мейірімді қоғам құрып, мейірімділік заңдылығына бағыну арқылы ғана бүгінгі қиындықтың бәрінен шыға аламыз. Егер осылай жасай алмасақ бәрі бекер, алға қарыштап дамудың өзге жолы жоқ екені де түсінікті. Мен мұны бұрынан айтып келгенмін. Ал, бүгін Үзбен Құрманбайұлы тайға таңба басқандай етіп айқындапты. Енді бізге не керек, дәл осы көтерілген мәселені ұлттық идеология етуіміз керек. Тіпті тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында экономикалық тұрғыда нарық заңдарын қабылдағандай рухани тұрғыда мейірімділік заңдылығын ту етуіміз керек еді. Бұл идея тек қазақ халқының ғана емес, тығырыққа тірелген әлем халықтарының алдын ашатынына сенімдімін. Тыңнан көтерілген бұл идеяны Елбасы, Президенттен бастап бүкіл халық қолдау емес, тура іске асыруымыз қажет», - дейді Ғарифолла Есім.


Жазушы Жәди Шәкенұлы «мейірімді қоғам» идеясы кешегі бабаларымыздың арманы екендігін айтады.

«Мейірімді қоғам – бұл кешегі өткен әл-Фараби, Асан қайғы, Абай сынды бабаларымыздың арманы. Егер Президентіміз барлық лауазым иелерін мейірімді болуға шақырып, адамдармен мейірімділік аясында қатынасуды тапсырса, сол күннен бастап қоғам оңалады. Мейірімділік заңдылығы ғана бәрін оңайтыны, түзейтіні, халықты бай, бақуатты ететіні өмір шындығы», -дейді жазушы.

Айта кетейік шараны ұйымдастыруға «Отандастар қоры» қолдау білдірген.

«Биыл ел тәуелсіздігімен бірге көші-қонның басталғанына 30 жыл толып отыр. Елге келген миллионнан астам қандасымыз әр салада өз үлесін қосып жүр. Осыған орай «Отандастар қоры» «Қандаспен келген қазына» атты жаңа жоба бастаған болатын. Бұл жоба елге келіп еңбегі сіңген тұлғаларды таныстыру солардың елге сіңірген еңбегін көрсету. Бүгінгі шарада осы үлкен жобаның бастамасы», - дейді «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ризабек Нүсіпбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT