Елордада Мүлік иелері бірлестігі құрылғанда 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Мүлік иелері бірлестігі құрылғанда 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта кәсіпкерлер елорда тұрғындарына цифрландыру арқылы өз үйлерін басқаруға барлық мүмкіндіктерді жасады. Яғни, онлайн кездесулер өткізу, үй мәселелеріне қатысты дауыс беру, төлем жасау, өтінімдерді жіберу және тағы басқалары қамтылып отыр. Пандемияға қарамастан, бизнес тұрғындардың 250 онлайн кездесулерін өткізуді қамтамасыз етті. 30-дан астам Мүлік иелері бірлестігіне кеңес берілді, және кілтпен тіркеуді жүзеге асыруға қолдау көрсетілді», – деді Қуанышбек Мұқаш Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында.

Оның атап өтуінше, елордада бизнес қауымдастығы «iQamal» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының қатысуымен 100-ден астам Мүлік иелері бірлестігін құрды басқару органдарының қызметіне жан-жақты қолдау ұйымдастырды

«Заңды тұлғалар санының 2000-ға дейін ұлғаюы күтіледі. Ал бұл шамамен 5000 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Айта кетейік, 2021 жылдың ақпанына дейін тұрғын үйлерге қызмет көрсететін мүлік иелері бірлестігі (МИБ) ұйымдары әр тұрғын үй кешенінде құрылады. Ол бұрынғы пәтер иелері кооперативінің қызметін атқарады. Дегенмен, айырмашылығы көп. Мәселен, бір ПИК ондаған, тіпті жүздеген тұрғын үйге сервистік қызмет көрсетеді. Оған пәтер иелері ай сайын қажетті қаражат аударады.


Соңғы жаңалықтар