Елордада оқушыларға арналған МӘМС бөлімі құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Елордалық емханаларда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша мектеп оқушыларына арналған бөлім құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада 4 млн-ды құрайтын түрлі бағыттағы медициналық қызмет көрсету түрі бар. Қалада 200 мың оқушы бар. Оқушыларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында әрбір емханалық амбулаториялық мекемеде мектепке арналған бөлім құрылады. Оның ішінде 5,5 мың жеке мектеп оқушылары, сонымен қатар республикалық білім беру мекемелерінде тартудамыз. Елордада 105 медициналық мекеме МӘМС аясында келісімшарт жасауға дайын. Бүгінде олардың барлығы да медициналық ақпараттандыру жүйесімен қамтылған. Сол сияқты олардың 102-сі Денсаулық сақтау министрлігіне кіріктірілген. Қалған 3 мекеме бойынша да кіріктіру жұмыстары жүріп жатыр, осы айдың 15-де аяқтау көзделуде. МӘМС аясында көрсетілген қызметке төлем ақысын жасауға келсек, қаладағы 28 медициналық мекеменің 14-де төлем терминалы орнатылған. Қалған 14 мекеме байқауға тиісті құжаттарын тапсырды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова әкімдікте өткен дөңгелек үстелде.

Басқарма басшысының сөзіне сенсек, бүгінде елордада 4 849 дәрігер және 8792 медицина қызметкері бар. Сол сияқты биылғы жылы 217 жас маман жұмысқа орналасты.

Бұған дейін елордада МӘМС жұмысын қадағалайтын кеңес құрылатынын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар