Елордада Онкологиядағы Бүкіләлемдік көшбасшылар саммиті өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Онкологиядағы Бүкіләлемдік көшбасшылар саммиті (World Cancer Leaders' Summit 2019) өтеді.

Саммиттің ұйымдастырушылары - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭжХА) және Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің (ОЗжХА) қолдауымен Обырды бақылау жөніндегі халықаралық одақ (UICC).

Саммитті қабылдаушы тарап – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты.

Онкологиядағы Бүкіләлемдік көшбасшылар саммиті қатерлі ісікке қарсы күреске әсер ететін жаһандық шешімдерге айрықша ықпал етуге арналған жоғары деңгейдегі аса маңызды саяси кеңес болып табылады.

2019 жылғы саммиттің тақырыбы – «Обыр және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту». Обырды анықтау, емдеу және күтім көрсету Денсаулық сақтау қызметтерімен (UHC) жалпыға бірдей қамтуды енгізу жөніндегі жаһандық амбицияның бір бөлігі ретінде қаралатын әртүрлі әдістерге шоғырланатын болады.

Саммит жұмысына қатерлі ісікке қарсы күрестің 350-ден астам негізгі көшбасшылары қатысады – бұл жоғары лауазымды әлемдік көшбасшылар, мемлекет басшылары, денсаулық сақтау министрлері, бірінші ханымдар мен корольдік отбасылардың мүшелері, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдарының, дүниежүзілік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Өтетін орны «Hilton Expo Hotel» және «Expo Астана» Конгресс орталығы.

Саммитке қатысушылар:

Иордания ханшайымы Дина Майред:

Обырды зерттеу жөніндегі Халықаралық агенттіктің (International Agency for Research on Cancer – IARC) бас директоры д-р Элизабет Вайдерпасс (Elisabete Weiderpass);

Уругвай президенті – Табаре Васкес мырза (Mr Tabaré Vázquez);

Түркия бірінші ханымы – Эмине Эрдоган;

Белиз мемлекетінің бірінші ханымы – Ким Симплис Барроу (Kim Simplis Barrow);

Буркина-Фасо мемлекетінің бірінші ханымы – Аджови Сика Каборе (Sika Bella Kaboré);

Нигерия бірінші ханымы – Аиша Бухари (Aisha Buhari);

Армения бірінші ханымы (премьер-министрдің жұбайы) - Анна Акопян;

Гейдар Алиев қорының вице-президенті, БҰҰ (FАО) Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FАО) ізгі ниет елшісі – Лейла Алиева;

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР) денсаулық сақтау бөлім басшысы – Франческа Коломбо;

және басқа да әлемге әйгілі тұлғалар.

Сонымен қатар, Саммитке Венгрия, Ресей, Ирак, Руанда, Шри-Ланка, Тәжікстан, Замбия және әлемнің басқа да елдерінің денсаулық сақтау министрлері қатысады.

Соңғы жаңалықтар