Елордада өрттен екі адам жапа шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада болған өрттен екі адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 16:53-те «101» пультіне Субханберді көшесі, 8-де болып жатқан өрт туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына дереу сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД бөлімшесінің өрт сөндірушілері барды. «Тазалық» көлік жуу орнының ауданы 30 шаршы метрлік төбелік жабыны және «Land Cruiser» мен «Mitsubishi» маркалы екі автокөлік жанып жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.

Өрт салдарынан екі адам зардап шекті. Олар №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Өрт сағат 17: 27-де ауыздықталып, сағат 17:37-де толығымен сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. Өрт сөндіруге барлығы 4 бірлік техника мен ТЖД жеке құрамының 20 адамы жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар