Елордада пандемия кезеңінің барлық талабына сай келетін емхана ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада пандемия кезеңінің барлық талабына сай келетін емхана ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл елордада емхана ашылады. Емхана әдеттегі функционалдық міндеттеріне қоса, пандемия кезеңінің барлық талаптарына сәйкес келеді. Онда аймақтар «лас« және «таза« деп бөлінген; ішке айдау желдеткіш жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал және тағы басқалары орнатылған. Жаңғыртылған емхана Есіл ауданында орналасқан. Бұған дейін ауданда тек бір - №9 емхана болатын. Басқа медициналық ұйымдардың болмауына байланысты №9 емханаға жүктеме шамадан тыс артылып келді. Емхана толығымен жеке инвестициялар есебінен салынды. Қала тұрғындары үшін мемлекеттік тапсырысты орындаймыз», - деп жазды елорда әкімі Алтай КөлгіновInstagram парақшасында.


Сонымен қатар елорда әкімі дамып келе жатқан ауданда орналасқан жекеменшік балабақшаға барғанын атап өтеді.

«Бұл балабақша да жеке инвестиция тарту есебінен салынды. Жеке инвестиция тарту - нысандарды салу және толтыру кезінде қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке капиталды басқа да бірқатар маңызды нысандардың құрылысына тартамыз. Бұл әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа жобалар. Әрбір инвесторға - әкімшілік кедергілерді алып тастай отырып, ерекше көңіл бөлеміз»,- деді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар