+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Елордада полицейлер дауыс күшейткіш құралдар арқылы хабарлама жасайды

2020 жылғы 26 наурыз 20:52
Бөлісіңіз:
Елордада полицейлер дауыс күшейткіш құралдар арқылы хабарлама жасайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш құралдар арқылы тұрғындарға карантиндік сақтық шаралары туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық әуе компания Қытайдан Украинаға гуманитарлық жүк жеткізді Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 284 болды Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 283-ке жетті

Ішкі істер органдарының қызметкерлері еліміздегі төтенше жағдай мен қаладағы карантинге байланысты айрықша режимде қызмет етуде. Қоғамдық тәртіп пен стратегиялық нысандарды қорғауды күшейтіп, полиция жасақтарының саны көбейтілді.

Сонымен бірге, көшелерді патрульдеу жұмыстары жалғасуда. Полиция көліктері дауыс зорайтқыштарымен жабдықталған және оларды халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалану туралы шешім қабылданды.

Қазақ және орыс тілдерінде қайталанатын аудиожазбаларда төмендегідей ақпарат айтылады:

«Құрметті елорда тұрғындары! Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекция карантиніне байланысты барлық тұрғындар келесі шектеу шараларын сақтауы керек:

• Аса қажеттілік болмаса тұрғын үйден шықпаңыз.

• Адамдар көп жиналатын орындарға – банктерге, дәріханаларға, дүкен мен медициналық мекемелерге барғанда, қоғамдық көлікке мінгенде бетперде киіңіз.

• Түшкіру немесе жөтелу кезінде мұрын мен ауызды бір реттік сүлгімен жабыңыз.

• Қолды сабынмен жуыңыз немесе спирттік антисептик жағыңыз.

• Қоғамдық орындарда ең кемі 1,5-2 метр қашықтықты сақтаңыз.

• Қол алмасып амандаспаңыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT