Елордада полицейлерден қашқан КамАЗ жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицейлерден қашқан «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісін қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 қарашада 32 жастағы жүргізушіге билік өкіліне тіл тигізгені үшін ҚР ҚК 378-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ жүргізуші әкімшілік кодекстің бірқатар бабы бойынша жауапқа тартылды. Жалпы азаматқа алты бап бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Әкімшілік соттың шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, 8 жыл көлік жүргізу құқынан айырылды.

Еске сала кетсек, 19 қарашада Айнакөл көшесінде полиция «Камаз» жүргізушісінің телефонмен сөйлесіп бара жатқанын байқап қалған. Полиция қызметкерлері оны тоқтатып алып, жүргізуші куәлігін талап еткен. Алайда жүргізуші талапты елемей, көлігін жүргізіп кете берген.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, т әртіп сақшылары көлікпен «КамАЗ» жүргізушісін қаладан шыққанша қуалаған. Ақыры жүргізуші ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Жүргізуші елорданың 32 жастағы тұрғыны болып шықты.


Соңғы жаңалықтар