Елордада психдиспансерден қашқан күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында психдиспансерден қашқан күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды елорданың ПД баспасөз қызметі.

«22:40-та Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шаралары кезінде тергеу үшін қамаққа алынған ер адамды ұстады. Ол 9 қазан күні 12:22-де Жансүгіров көшесінде орналасқан ШЖҚ «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» МКК аумағынан қашып кеткен. Ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындардан іздеу жұмыстары кезінде қаладан шығар жолдарда туындаған уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайтынын мәлім етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша айыпталған ер адам психо-неврологиялық диспансерден қашып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар