+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Елордада соңғы тәулікте 14 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды

2020 жылғы 26 наурыз 16:38
Бөлісіңіз:
Елордада соңғы тәулікте 14 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтанда соңғы тәулікте 14 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында 12 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғаны анықталды Италияда коронавирусты жұқтырған тағы 3 039 адам анықталды 23:40-тағы ахуал: Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тіркелді

«Соңғы тәулікте елордада коронавирус жұқтырған 14 адам тіркелді. Оның ішінде 9-ы – карантинде стационарда болғандар. Үшеуі бұрын тіркелген адамдармен байланыста болғандар. Біреуі – 25 наурызда Нұр-Сұлтандағы әуежайға ұшып келген адам. Бесеуі – стационарда пневмания күдігімен өткір ЖРВИ-мен жатқандар. Қалғандары – коронавирус бойынша жағдай жайсыз елдерден ұшып келгендерді қадағалау барысында анықталды», - деді министр «Хабар 24» арнасындағы онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Олардың бәрі қазіргі уақытта инфекциялық стационарға жатқызылған. Сонымен қатар олармен жақын байланысты болғандарды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

«Кейінгі уақытта азаматтардың көшеге шығуын тежеу бойынша жиырмаға тарта сұрақ келіп түсті. Бұл сұрақ мемлекеттік комиссияның қарауында. Комиссия отырысы бүгін өтеді. Нәтижесін БАҚ-қа жариялаймыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT