Елордада су тасқынына қарсы штаб құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қала ішінен 2,5 млн текше метр қар шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, шын мәнінде қалада қар мөлшері өте көп. Коммуналдық қызметке алғыс айтқым келеді. Олар күні-түні сіздер үшін жұмыс істейді. Биыл әдеттегіден 3,5 есе көп қар түсті. 2,5 млн текше метр қарды шығардық. Қазіргі уақытта жолдар таза, енді үйлердің аулалары мен жеке секторларды қардан тазалаймыз», - дейді Алтай Көлгінов.

Ол қазіргі уақытта тасқынға қарсы штаб құрылғанын айтты.

«Біз барлық қызмет түрін күшейтіп, қосымша техникаларды алдық. Құтқару қызметі мыңдаған адамды құтқарды. Тіпті әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлері құтқару жұмыстарына қосылды. Ендігі міндет – тасқын болуына жол бермеу. Тасқын болу қаупі бар. Осы қауіпті азайту мақсатында ертең әуежай жақтағы дамбыға барамыз. Жеке секторлардағы қарды наурыз айына дейін шығаруымыз керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар