Елордада суға шомылу орындарында еңбек еткен волонтерлер марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жаз бойы суға шомылу орындарында адамдардың қауіпсіздігін қадағалаған волонтерлер марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су жағалауларындағы адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде біздің департамент қызметкерлерімен бірге қалалық әкімдік, тәртіп сақшылары, Ұлттық ұлан және волонтерлердің үлесі зор. Бүгінде төтенше жағдайды қамтамасыз ету бағытында 60 волонтер еңбектенді. Оның 45-і оқушы және студент болса, қалған 15-і жұмыссыз адам. Волонтерлер жаз бойы біздің мамандармен бірге жұмыс істеді. Олардың адам өмірін сақтаудағы рөлі ерекше және олар қоғамға пайдалы іспен айналысуда», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов

ТЖД басшысы ерекше көзге түсіп, үздік деп танылған волонтерге алғыс хат табыс етті.

«Өзіңіз байқағаныңыздай елде індет таралып, қиын кезең басталғалы көптеген адамдар бір-біріне қол ұшын созып көмектесуде. Осы орайда менде өз еркіммен волонтер болып, қоғамға пайдамды тигізгім келді. Өзім секілді волонтер достарыммен бірге жаз бойы су жағалауында жүрдік десем болады. Біздің міндет су маңындағы адамдардың қауіпсіздігін қадағалау. Волонтерлік қызметімнің арқасында адам суға кеткен жағдайда, құтқару жібі мен дөңгелекті қалай қолдануын, сол сияқты алғашқы көмек көрсетуді үйрендім», - деді волонтер, елордадағы №6 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Арайлым Мәдиева.

Бұған дейін елордада суға түсу орындарының артатыны туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар