Елордада сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдерді қолдауға арналған көрме ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық «Үміттер легі» (Лента надежда) атты сурет өнері көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ашылған көрмеге Қазақстан, Израиль және Италия суретшілерінің 11 авторлық картинасы қойылды.

Айтулы шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – әйелдер арасында етек жайған сүт безі қатерлі ісігі ауруына қоғамның назарын аудару және онымен бірлесіп күресу.

«Бүгінгі көрме екі мақсатты көздейді. Алғашқысы гендерлік саясат тақырыбына арналса, екіншіден сүт безі қатерлі ісігі ауруына ұшыраған нәзік жандарды қолдау. Бұл идеяны бірқатар отандық және шетелдік суретші қолдап отыр. Мұнда қойылған әр туындының өзіндік тарихы мен ерекшелігі бар. Ал жарны кескіндеме, портрет. Яғни барлық жұмыста да әйелдің кескіні суреттелген. Көрмеге келушілер осында қойылған туындыларды сатып алу мүмкіндіктері бар», - деді «KULANSHI» заманауи өнер орталығының директоры, көрмені ұйымдастырушы Лейла Махат.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған көрмеге отандық және шетелдік 6 суретшінің авторлық еңбектері қойылды және ол 20 наурызға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар