Елордада «Тәрбие тұжырымдамасы: үйлестіру, жүзеге асыру және даму болашағы» атты республикалық семинар-кеңес өтуде

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының ұйымдастыруымен «Тәрбие тұжырымдамасы: үйлестіру, жүзеге асыру және даму болашағы» атты республикалық семинар-кеңес өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында тәрбие үдерістеріне қатысушы барлық субъектілердің іс-қимылдарын үйлестіру және сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында өткен алқалы жиын барысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының президенті Такир Балықбаев баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында білім беру жүйесінің басты міндеті жеке тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, атап айтқанда баланың тәрбиеленуі, білім алуы, жан-жақты қалыптасуы, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауы, денсаулығын нығайтуы сияқты құқықтарын іске асыру болып табылатындығын атап өтті.

«Еліміздің бірқатар білім беру ұйымдарында нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұраныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет етіп келеді» деді өз сөзінде Т.Балықбаев.

Ауқымды шараға Парламент депутаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, облыстық білім беру басқармалары басшыларының орынбасарлары, жоғары оқу орындарының проректорлары және басқа да білім беру жүйесінің қызметкерлері қатысты.

Соңғы жаңалықтар