Елордада Тәшенов көшесі 1,5 айға жартылай жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аталған учаскеде нөсер кәрізі тартылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құрылыс-монтаж жұмыстары Жастар ауданында «Тазарту қондырғылары» жобасының аясында нөсер кәрізі желілерін орнатуға байланысты жүргізіледі. Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осындай мәлімет таратты.

«1 шілдеден бастап 22 тамызға дейін Тәшенов көшесі мен Тәшенов тұйығында жол уақытша жабылады» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар