Елордада Төлебаев көшесіндегі учаскеде қозғалыс уақытша жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жолды жөндеуге байланысты М.Төлебаев көшесіндегі Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі жол қозғалысы 21 сәуірден бастап тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, жол-құрылыс жұмыстарын бастады. Осыған байланысты осы жылдың 21 сәуірінен бастап Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі М.Төлебаев көшесіндегі қозғалыс жабылды. Жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары осы жылдың 30 сәуіріне дейін жүргізіледі.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады басқарма.

Соңғы жаңалықтар