Елордада тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталады
«Жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін республика бойынша азаматтардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымын еркін таңдау науқаны өтеді. Сонымен қатар, 15 қыркүйекте халықтың денсаулығын қорғауда аса маңызды іс-шара - тұмауға қарсы вакцинациялау басталады», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету үшін негіз болып саналады және келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады:
1) аумақтық қол жетімділік;
2) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымын еркін таңдау;
3) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету дәрігерін (жалпы тәжірибе дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;
4) отбасылық қызмет алу.