Елордада тұрақта тұрған көлік өртенді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 5 маман мен 1 техника бар өрт сөндіру бөлімшесі Есіл ауданынына, Мәңгілік ел даңғылы 18-үйдің жанындағы шақыртуға барды. Оқиға орнына жеткен кезде көлік тұрағында тұрған «Мазда» маркалы автомобильдің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 16:03-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген аталған ведомство баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар департамент қазіргі уақытта өрттің неден шыққан анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтеді.
- Алматыда полиция көшеде 2 жасар баласын тасап кеткен ананы іздеп жатыр
- Елордада 23 сәуірден бастап күн жылынады
- 26 қазақстандық коронавирустан көз жұмды
- Ақтөбеде үйіне оралмаған бойжеткен жалдамалы пәтерден табылды
-
Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды
-
Ақмола облысында 2 адам өрттен көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам