USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елордада Түркия мәдениетін арқау еткен жас суретшілердің көрмесі ашылды

2021 жылғы 25 қараша 17:52
Бөлісіңіз:
Елордада Түркия мәдениетін арқау еткен жас суретшілердің көрмесі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында Түркия елінің тарихы мен мәдениетін бейнелеген қазақстандық жас суретшілердің туындылары көрмеге қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркия төрінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт өтті

«Оқушыларымыздың қылқаламымен Түркия» атау алған жас суретшілер көрмесі түрік ақыны және ойшылы Юнус Эмренің өмірден озғанына 700 жыл толуына және биыл түрікше жылы болып аталып өтуге орай өтіп отыр.

Аталған көрмегі елордадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының ұйымдастырып отыр.

«Алдымен бүгінгі шараға келген баршаңызға алғысымды білдіремін. Пандемияға байланысты біраз жоспар кейінге шегерілді. Нұр Сұлтан қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы 10 жылдан астам қызмет етіп келеді. Осы күнге дейін орталықта түрлі форматтағы мәдени, ағарту шаралары ұйымдастырылды. Біздің орталықта түрі тілін үйрету курсымен қатар, бейнелеу өнеріне баулу шеберлік сабағы да бар. Бүгін міне біздің оқушыларымыз өз туындыларын көпшілік назарына ұсынуда. Олар Түркияға барғандағы әсерін сурет арқылы жеткізіп отыр екен. Осындай шаралар арқылы бауырлас екі ал арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсетіні анық», - деді Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи көрменің ашылу салтанатында.

Көрмеге Түркияның тарихы мен мәдениетінен хабар беретін 35 туынды қойылған.

«Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқылардың бірі болып Алматыда Түркияның елшілігі ашылды. Жуырда ғана Мемлекет басшысы түрік бауырлардың басын қосқан ауқымды жиынға қатысты. Сол жерде түркітілдес елдер өзара ынтымақтастық пен саяси-экономикалық қатынасты одан әрі нығайта түсу керектігі айтылды. Сонымен қатар алда Тұңғыш Президент күні келе жатыр. Өздеріңіз білесіздер түркі әлемінің бірігуі мен одақтың күшейе түсуіне Елбасының қосқан үлесі зор. Одан әрі мемлекетіміздің Тәуелсіздік күні мерекесі келіп қалады. Тарихтан мәлім, Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел ол Түркия. Сондықтан екі ел қарым-қатынасы тек саясат пен экономикаға емес, бауырлыс, достыққа негізделген. Оған дәлел бүгінгі шара. Осы шараға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға мың алғыс», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Елорададағы «Ханшатыр» ОСО-да ұйымдастырылған көрме 2 күн бойы жұмыс істейді.

«Бұрын мен осы тамаша әрі көрікті елдің қалаларына барып, ерекшеліктеріне таң қалатынмын. Түрік мәдениеті бай және көпқырлы болғаны соншалықты, мен үшін ол қандай да бір қарапайым анықтаманың шеңберіне сыймайды. Әр қаласының бұрыштарында бауырлас халықтың тұтас тарихы бар, сырлар мен құпияларға қанық көне заман атмосферасы, табиғат пен дарынды шеберлердің қолынан жасалған ерекше жауһарларды кездестіруге болады. Бұл мәдениетпен өзім оқыған Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының арқасында таныстым. Түркия– жағымды эмоцияларға, дәмді тағамдарға, мейірімді және елгезек адамдарға, таңғажайып билер мен тәттілерге толы ел. Көрмеге менің «Дәруіш», «Түрік шайы», «Баклава», «Түрік аяқ киімі», «Көз моншақ», «Галата мұнарасы» және «Стамбұлда күннің батуы» атты картиналарым қойылды», - деді жас суретші Айнұр Мырзаахметова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT