Елордада үй жануарларын ұстаудың жаңа ережесі бекітілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша үй жануарларын ұстау және серуендету ережелері бекітілмек. Бұған қатысты қалалық мәслихат тиісті ережені ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үй жануарларын асүйлер мен жатақхана дәліздерінде, жертөледе, шатырда, балконда және ортақ пайдаланылатын қосалқы үй-жайларда ұстауға тыйым салынады. Итті ұстау мүмкін болмаса, онда оны иесі басқа адамға беруге, уақытша күтіп-бағу орындарына орналастыруға, зоологиялық орындарға тапсыруға міндеттеледі. Иттерді өздігінен серуендеуге жіберілмеуі тиіс. Ол байлаулы немесе үйшікте болуы қажет», - делінген қаулыда.

Құжатта иттерді тыйым салынбаған жерлерде 2 метрден аспайтын қарғы баумен тұмылдырықсыз серуендетуге болатыны жазылған. Дегенмен жануар иесі тұмылдырық алып жүруге міндетті. Қажет болған оны тағуы тиіс.

«Үй жануарлары көше немесе магистраль жанында болған кезде оларға тұмылдырық кигізіледі және 1,5 метрден аспайтын қысқа қарғы бау тағылады. Сондай-ақ иттерді мектеп, медицина және мәдениет ұйымдары, спорттық ойын алаңдарының аумағында ұстауға тыйым салынады», - деп көрсетілген құжатта.

Бірнеше отбасы тұратын үй, пәтер, бөлмелерде жануарларды ұстау сол жерде тұратын барлық кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.

Бұл Ереже 10 күннен кейін заңды күшіне енеді.



Соңғы жаңалықтар