Елордада вакцина пункті ашылған сауда орталықтары 22:00-ге дейін жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы вакцинациялау пунктері ашылған СОО-лардың сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордадағы вакцинациялайтын 100 кабинетте жұмыс істеп тұр. Оның ішінде егу пункттері «Mega Silk Way» және «Хан Шатыр» СОО-ларында ашылды. Енді өзге сауда-ойын-сауық орталықтары мен орындарда ашылу қаралып отыр.

Қазіргі уақытта адам көп жиналатын орындарда қосымша егу кабинеттерін ашу үшін дайындық жүргізіліп жатыр. СОО-да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бәрі медициналық ұйымдарындай сақталады.

Халықтың көп ағынын ескере отырып, әрбір компонент үшін қосымша жеке орындар көзделеді.

Бүгінгі күні жоғарыда аталған сауда-ойын-сауық орталықтарынан басқа «Мечта» сауда желісінен, «Солтүстік» СҮ, «Нұрбереке 555» ЖШС жаппай вакцинация жүргізу үшін егу пункттерін ашу талаптарын түсіндіру жөнінде өтініш жолдады.

Халықты вакцинациялаумен барынша қамтуға қол жеткізу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12 сәуірдегі қаулысының талаптарына сәйкес егу пункттерінің жұмысы үшін тиісті жағдай жасалған объектілердің сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Еске сала кетсек, елордада «Keruen» мен «Әбу-Даби Плазада» COVID-19-ға қарсы вакцинация пункттері ашылды.


Соңғы жаңалықтар