Елордада «Висла» поляк кинолары фестивалі басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат - Елордада «Висла» поляк киносының үшкүндік фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы халықаралық фестивальдерде қазылар алқасының іріктеген және польша көрермендерінің көңілінен шыққан 5 фильм көрсетіледі.

«Мені Нұр-Сұлтан қаласының зәулім үйлеріне қарағанда, осында тұрып жатқан адамдар таңғалдырды. Бұл фестивальді ұйымдастырғанымызға 12 жыл болды. Осы уақытқа дейін фестиваль әлемдегі 14 мемлекет, 52 қалада өтті. Биыл бұл фестиваль Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында өтеді», - дейді «Висла» поляк кинолары фестивалінің директоры Малгожата Скульска.

Сондай-ақ, Қазақстандағы Польша елшісі Селим Хазбиевич фестивальге келгендерге алғыс айтты.

«Польша тарихи фильмдерді жоғары деңгейде түсіре бастады, енді польшалық жас режиссерлердің заманауи бағытта түсірген фильмдерін де көргіміз келеді», - дейді ол.

Поляк кинолары фестивалінің шымылдығы режиссер Павел Павликовскидің «Холодная война» фильмімен ашылды. Ауқымды іс-шара алдағы екі күнде жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар