Елордада және 3 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер тірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с сақталады.

17 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с.

Осы күні Өскемен қаласында оңтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

17 қазан Семей қаласында оңтүстік-батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

17 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады.

17-18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады. Кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с, 18 қазан күндіз жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Осы күні Петропавл қаласында солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні - 15-20 м/с. 18 қазан күні қалада көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар