Елордада және Солтүстік Қазақстанда ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

12 желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласында тұман сақталады.

Осы күні Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі. Көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

12 желтоқсанда Петропавл қаласындатұман түседі. Күндіз қар жауып, бұрқасын көтеріледі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Соңғы жаңалықтар