Елордада ЖЭО-2 жаңғырту оның қуатын арттыруға мүмкіндік береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЖЭО-2 кеңейту аясында №6 турбоагрегатының құрылысы мен № 8 қазандық агрегатын монтаждау жайымен елорда әкімі Алтай Көлгінов танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ЖЭО-1 және ЖЭО-2 елорданың стратегиялық объектісі, орталықтар 2,5 мыңнан астам тұрғын үйді жылытады. Жылу контуры бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды, қазандықты монтаждау 80%-ға жүргізілді. Қазіргі уақытта турбинаны консервациялау жұмыстары жалғасуда.

ЖЭО-2 кеңейту бойынша жүргізілетін жұмыстар жылу қуатын кемінде 10 пайызға, электр қуатын өндіруді 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Қала әкімі А. Көлгінов жұмыс қарқынын жеделдету қажет екенін ескертіп, «келесі жылыту маусымы басталғанға дейін жұмыстар толық аяқталуы тиіс» деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар