+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Елордада ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты

2021 жылғы 14 қыркүйек 17:54
Бөлісіңіз:
Елордада ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар саны артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да сот хирург-дәрігерге берілген сөгісті жойды Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды вакцина алуға шақырды Жаңа қаулы: Павлодарда вакцина алмаған кәсіпорын жұмысшылары жұмыстан шеттетіледі

«Жіті риспираторлық вирустық инфекцияға қатысты эпидемиологиялық ахуалға азды-кем тоқталып өткенім жөн болар. 2021 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының арасында ЖРВИ-дің 32,5 мың жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 2 814. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 43,3 пайызға жоғары. Былтыр 20 706 жағдай тіркелген болатын», - деді ол елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, 14 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-дің 15 635 жағдайы тіркелген. Соңғы аптаның өзінде 1 054 бала ауырып қалған. Өткен аптамен салыстырғанда балалар арасында ЖРВИ-мен ауру 32 пайызға өсіп отыр.

«ЖРВИ-мен аурудың апталық көрсеткіші бақылау деңгейінен асып отырған жоқ. Соңғы 2020-2021 жылдарғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 25 252 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 15 090 бала ауырды», - деді Жанна Пірәлиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT