+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Елордада ЖШС директоры театрды жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды деп күдіктелуде

2019 жылғы 8 қараша 11:24
Бөлісіңіз:
Елордада ЖШС директоры театрды жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды деп күдіктелуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана-Көкше» ЖШС директоры аса ірі көлемде бюджет қаражатын иемденгені үшін күдіктелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша «Астана-Көкше» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Ол «М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МҚКК ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 млн теңге сомасындағы қаражатты иемдену жолымен жымқырғаны үшін күдікке ілінді», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT