Елордада «Жұлдызбен жүздесу» атты концерт өтеді

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 21-інде елорданың Конгресс-Холл сарайында «Жұлдызбен жүздесу» атты концерт өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

31-ші арнаның осы аттас музыкалық бағдарламасы шеңберінде өтетін мәдени іс-шараға елімізге танымал Қарақат пен Қыдырәлі, Саят Медеуов, Айгүл Иманбаева, Асқар Жүнісбеков, Бейбіт Қорған, Ақылбек Жеменей, Еркін Нұржанов, Маржан Арапбаева, «Бәйтерек» тобы, Қайрат Нұртас сынды өнер жұлдыздары қатысады. Кешкі сағат 19-00-да басталатын концертті Нұрлан Еспанов пен Федоржан жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар