Елордадағы Байқоңыр ауданының әкімі пара алды деген күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтың пара алды деген күдікке ілінгенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде елордадағы аудан әкімдерінің бірінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

«Иә, рас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Байқоңыр ауданы әкімінің пара алу фактісіне қатысты ұсталғанын растайды. Ол жеке компания өкілінен iPhone ұялы телефонының соңғы нұсқасын пара ретінде алды деген күдікке ілінді», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу комитетінің бас тергеушісі Данияр Бекайдаров тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, Асқар Есілов 2019 жылдың сәуірінде елордадағы Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалған еді.




Соңғы жаңалықтар