Елордадағы өрт: Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Тұран даңғылының бойындағы ғимараттардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сай, елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 19:10 минутта ауыздықталды. Өрт шамамен 60 шаршы метрді шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, 18-33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында болған өрт орнына жеке құрамнан 44 адам мен 11 техникасы шақыртуға шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жанған.


Соңғы жаңалықтар