Елордадағы «Ramada Plaza» ғимараты ашық саудаға шығарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Ramada Plaza» ғимараты ашық саудаға шығарылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздіңше, алдағы жылдың басында «Ramada Plaza» жекешелендіруге қойылады. Ғимарат Ішкі істер министрлігі қажеттіліктері үшін функционалды бола алмады. Сондықтан оны республикалық меншікке көшіріп, ашық саудаға шығару шешімі қабылданды. Біз оның қонақ үй ретінде қызмет еткенін жөн деп санаймыз. Нысанның құны нарықтық деңгейде болады», - деді Ә. Смайылов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол ашық сауда аясында ең қомақты соманы ұсынғандар ғимаратты сатып алатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осыған дейін елорданың полицейлеріне тапсырылған «Ramada Plaza» қонақ үй кешені Қаржы министрлігінің балансына берілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Ramada Plaza» қонақ үй кешеніне қалалық полиция департаментінің қызметкерлері баратыны хабарланған болатын.
Соңғы жаңалықтар