Елордадағы «СҚ-Фармацияның» логистикалық хабындағы дәрі-дәрмек қоры тексерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «СҚ-Фармацияның» логистикалық хабында COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмек қоры тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған компания мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында бірыңғай дистрибьютер арқылы еліміздің 85 медициналық ұйымы қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі. Олардың бесеуі республикалық және және 80-і қалалық маңызы бар медициналық ұйым саналады. Медициналық ұйымдардың мекен жайына тауарларды жөнелту елордадағы тарату қоймасынан жүзеге асырылады.

Елордадағы логистикалық хаб СҚО, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының 2-6 айлық қажеттілігіне қажетті тауарларды жеткізушіден қабыл алып, сақтауға арналған.


Биыл жоғарыда аталған 85 тапсырыс берушімен қосымша өтінімдерді қоса алғанда жалпы сомасы 16,77 млрд теңге болатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуге арналған 915 сатып алу келісімшарты жасалған. Қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютер жоспарланған 16,77 млрд теңгенің 15,64 млрд теңгесіне тауларларды жөнелтіп отыр. Бұған қоса, коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды емдеуге арналған 2,4 млрд теңгенің дәрілік заттарымен медициналық бұйымдары өңірлерге жіберілді.

Амбулаторлық деңгейде 38 медициналық ұйым биыл жалпы сомасы 13,7 млрд теңге болатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға өтінім беріп отыр.

Қазіргі уақытта аталған көлемнің 10,94 млрд теңгесін сай келетін дәрілік заттар мен медицналық бұйымдар өңірлерге жіберілді.


Соңғы жаңалықтар