Елордадағы «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің 30 блогының құрылысы аяқталуға таяу - әкім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің 30 блогының құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта нысанда қасбеттік жұмыстар жүргізіліп, лифттер орнатылуда.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Кеше кешкісін аралау кезінде құрылысы созылып кеткен «Жағалау-3» (30-блок) тұрғын үй кешенін бір пысықтадық. Бұл үйдің құрылысы 8 жыл бұрын басталған, бірақ қордаланған мәселелері көп. Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, құрылыс кестесін жасаған едік. Қазір құрылыстың қасбеті аяқталып қалды, жұмысшылар лифттерді орнатуға кірісіп кетті. Сол уақытта — аумақты абаттандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Жақын арада ішкі жұмыстары басталады. Сонымен қоса, құрылыс кешені энергиямен тұрақты қамту көзіне (су, жарық, кәріз жүйесі үшін) жалғау жұмыстары жүруде. Бұл тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пәтерлерді жыл аяғына дейін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз», – деп жазды Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар