Елордадағы жарылыс: 19 адамға медициналық көмек көрсетілуде
«Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. 20 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 12:58-де сөндірілді», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Адамдар тоңып қалмас үшін қала әкімдігі және ТЖ департаменті КУНГ-көлігі мен автобус жіберді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін жедел желі телефоны қосылды: 24-51-71, 24-51-47.
Бұған дейін елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік.