Елордадан 10 спортшы Олимпиада лицензиясынан үміткер ретінде тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 10 спортшысы алдағы Олипиада ойындарына лицензия иемденуге үміткер ретінде тіркелді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың отырысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұқаралық спортты дамыту мәселесіне тоқталған басқарма басшысы: «қалада 11 спорт мектебі жұмыс істеп тұр. Мектептерде 60 спорт түрі қамтылған. 58 бөлімде 8 655 адам спортпен шұғылданып жүр. 408 жаттықтырушы осы бағытта қызмет атқарып жатыр», - деді.

Оның айтуынша, 2022 жылғы бірінші тоқсанда балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қалалық спортшылары жарыстарда 1751 медаль иеленген. Оның арасында халықаралық іс-шараларда: алтын медаль 37, күміс медаль - 48, қола медаль 65. Ал республикалық жарыстарда: алтын – медаль - 268, күміс медаль - 210, қола – 209.

«2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасынан лицензия иемденуге үміткер ретінде 10 спортшы қамтылған. Осы орайда көркем гимнастикадан Сабина Бакатова, спорт гимнастикасынан Дмитрий Патанин, бокстан Темірлан Мұқатаев пен Оралбек Әбдіқадіров, грек-рим күресінен Мақсат Сайлау, жүзуден Әділбек Мусин, велосипед спортынан Вадим Пронский, триатлоннан Екатерина Шабалина, стендтік атудан Адель Садақбаева, садақпен атудан Александра Воропаева бар», - деді Самат Жылқыбаев.


Соңғы жаңалықтар