+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Елордадан шығатын екі ақылы трассада жаппай көлік апаттары болды

2020 жылғы 13 ақпан 19:06
Бөлісіңіз:
Елордадан шығатын екі ақылы трассада жаппай көлік апаттары болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадан шығатын екі ақылы жолда жаппай жол-көлік оқиғасы болды. Абырай болғанда, қаза болғандар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ баспасөз қызметіне сілтемемен.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жүк көлігі үш тәуліктен бері жол жиегінде жатыр Нұр-Сұлтанда «КамАЗ» көлігі жолаушылар автобусын соқты Оңтүстік Кореяда болған ірі жол апатынан 28 адам жарақат алды

«Бірінші апат 13 ақпанда шамамен 15:00-де «Щучинск—Нұр-Сұлтан« автожолында болды. Жолдың Нұр-Сұлтан қаласына келетін бағытындағы 36 шақырымда 20-ға жуық автокөлік соқтығысып қалды. Қазіргі сәтте оқиға орнында 8 автокөлік қалған, қалғандары сапарларын жалғастырды» делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ таратқан мәліметке сай, Нұр-Сұлтан қаласынан Щучинск қаласына барар жақ бағыттың 37-шақырымында 16 автокөлік өзара соқтығысты. Мұнда 5 адам жарақат алған. Оның ішінде 2 жасар бала да бар. Бүлдіршінді жедел жәрдем, ал жарақат алған ересек азаматтарды жеңіл автокөліктер ауруханаға жеткізді. Аталмыш учаскеде 9 арнайы техника (3 құрамдастырылған жол машинасы, 3 тиегіш, 2 автогрейдер мен 1 экскаватор) жұмыс істеуде.

«Үшінші жол-көлік оқиғасы «Нұр-Сұлтан-Теміртау« автожолының 1408 шақырымында сағат 16:00 маңында болды. Шоқай елді мекенінің қасында болған апат кезінде 15 көлік соқтығысып қалған. Оның ішінде 3 жүк машинасы, 2 газель, 10 жеңіл көлік бар. Бұл учаскеде 9 арнайы техника (2 құрамдастырылған жол машинасы, 3 тиегіш және 4 автогрейдер) жұмыс істеп жатыр» делінген хабарламада.

Барлық апаттар көру қашықтығы күрт төмендеген локалды аймақтарда болды. Жол-көлік оқиғалары болған сәтте көк тайғақ болған жоқ. Көру қашықтығы төмен болғандықтан, сағат 16:00-де екі ақылы жолда да көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT