Елордаға 56 жылдан бері мұндай қар жаумаған- Қазгидромет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада биыл 56 жыл бұрын жауған қардың нормасы түскен. Бұл туралы ақпаратпен Нұр-Сұлтана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Акмарал Олжабаева өзінің Facebook парақшасында бөлісті, хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы қаңтар айы қар, бұрқасын, екпінді жел, ауа температурасы аномальды жоғары болуымен ерекшеленді. Температура нормадан 6 градусқа жоғары, ал норма -14 градус. Қазіргі таңда жауын шашын мөлшері 50 мм құрайды. Норма 16 мм. Бүгінгі таңда 3 айлық норма жауды. Сондай-ақ, көпжылдық мәліметтермен салыстырсақ, бұдан 56 жыл бұрын‼ 1964 жылы 51 мм қар жауған. Ал 1928 жылы 131 мм құраған. Ақпан айына консультативті болжам бойынша орташа тәуліктік температура мен жауын-шашын мөлшері норма шамасында. Яғни, жауын-шашын мөлшері 15 мм , ал ауа температурасы -14 градус», - дейді «Қазгидромет» РМК Ауа райын қысқа мерзімге болжау басқармасының басшысы Алуа Саханова.


Соңғы жаңалықтар