+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Елордаға адам тасыған таксист коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды

2020 жылғы 26 наурыз 10:05
Бөлісіңіз:
Елордаға адам тасыған таксист коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 наурызға қараған түні елорданың екі тұрғыны Талапкер ауылының маңында орналасқан өткізу-бақылау бекеті арқылы өтуге тырысқан. Олар Мальдив аралдарында (1б санатқа жатады) демалып келген туристер, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада коронавирусқа шалдыққан соңғы 3 науқас - Сырдария ауданының тұрғындары Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700-ден асты Әзербайжанда бір күнде коронавирус жұқтырған 76 адам тіркелді, бір адам көз жұмды

Екі азамат Нұр-Сұлтанға Қостанай облысы арқылы таксимен келген. Такси жүргізушісі елордаға жетпей екі азаматты өткізу-бақылау бекетінің қасынан тастап кеткен. Өткізу-бақылау бекетінде медицина және полиция қызметкерлері азаматтардың денсаулығын тексеріп, барлық қажетті шараларды қабылдады. Олар жедел түрде стационарға жеткізіліп, коронавирус инфекциясына сараптамадан өтті. Ал такси жүргізушісі Петропавлда ұсталды. Ол да стационарға жіберілді.

Елорда әкімдігі тәртіп бұзғандар қатаң түрде жазаланатынын еске салады. Қала маңында өткізу-бақылау бекеттері орнатылған. 22 наурыз сағат 00-ден бастап елордаға кіруге де, шығуға да тыйым салынды. Осы аралықта қалаға келіп-кету тәртібін бұзудың 46 фактісі тіркелді, 29 тәртіпбұзушы 15 тәулікке қамауға алынды. Кей адамдарға айыппұл салынса, басқалары сот шешімін күтіп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT