Елордалық мүгедектігі бар черлидерлер Еуропа чемпионатында ел намысын қорғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейде өткен халықаралық черлидерлер сайсында астаналық бишілер 1-орынды иеленді. Енді 2020 жылы жерлестеріміз Еуропа чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің би тобымызға 1 жыл ғана болды. Құрамында 15 адам бар, оның 7-і Ресейде өткен черлидер байқауына қатысты. Командағы балалардың жастары әртүрлі ең кішісі 7-де болса, ең үлкені 20-да. Барлығы да ерекше күтімді талап етеді және диагноздары әртүрлі. Сайыста Ресейден көп команда қатысты, біз өзімізді жоғары деңгейде көрсете білдік. Бірақ біз бұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Себебі алда Еуропа чемпионаты, осы жарыстың жеңімпазы ретінде біз халықаралық черлидерлер қауымдастығынан 2020 жылы Италияда өтетін Еуропа чемпионатына шақырту алдық. Сондықтан алда қызу дайындық күтіп тұр», - деді астаналық «Искра» би тобының жаттықтырушысы Ольга Куракина.

Оның айтуынша, бұл жарысқа ерекше балалар 3 айдан астам уақыт дайындалған.

«Дайындық өз нәтижесін беріп 1 орын алдық. Сайыс бірнеше номициядан тұрды. Біз жеке және топтық құраммен де өнер көрсеттік. Бұған дейін біздің балалар елордада өткен қалалық сайысқа қатысты. Балалар бұл сайысқа демеушілердің қолдауымен барды», - деді ол.

Жеңімпаздарды елорданың воказалынан ата-аналарымен мен туыстары күтіп алды.

«Маған жарысқа қатысқан ұнады. Бимен айналысқаныма 1 жыл болды. Маған черлидер болған ұнайды, бұған дейін де осы сияқты сайыстарға қатысқанмын. Біз жарыстың арасында қала аралып, квест ойнадық, мен қуаныштымын», - дейді «Искра» би тобының 12 жасар мүшесі Камилла Айдын.

Соңғы жаңалықтар