Елордалық ТЖД қызметкерлері Астрахань тас жолында қалған 5 адамды құтқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астрахань тас жолында елордалық ТЖД қызметкерлері 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта құтқарылған адамдардың барлығы қалаға жеткізілді. Құтқарушылар Астрахань тас жолы, Нұр-Сұлтан-Павлодар-Көкшетау тас жолы, Қосшы кенті, «Теміржолшылар» тұрғын алабын патрульдеуде.

Естеріңізге салсақ, 23 қаңтарда Төтенше жағдайлар департаментінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды үйлестіру үшін қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен жедел штаб құрылып, қауырт желі іске қосылды.

Қала жолдары мен көшелерінде қарды аршу және шығару жұмыстарына 1 444 жол жұмысшысы мен 1 265 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар